Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған онкүндік аясында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында «Бала құқықтары туралы Конвенция» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерді ҚР конвенциясы мен Конституциясында бекітілген құқықтармен таныстыру және өз құқықтары үшін жауапкершілікті сезінуді дамыту. Әлеуметтік педагог презентацияны ұсынды, ал кітапханашы «Балалар құқықтары» тақырыбында құқықтық ойын өткізді. Ойын барысында студенттер балалардың құқықтары жазылған карточкаларды таңдап, оларды сахналық көрініс арқылы көрсетті, ал басқа студенттер қай құқық туралы айтылып жатқанын болжады. Ойыннан кейін қатысушылар өз құқықтарын білу маңызды екендігіне тоқталды. Қорытындылай келе, студенттер адам құқықтарының маңыздылығын атап өтсе, оқытушылар жастарға құқықтық білім берудің аса маңызды екендігін жеткізді. Соңында кітапханашы қолжетімді кітаптарды таныстырып, әлеуметтік педагог балалардың құқықтары туралы Конвенциямен және балаларға арналған сенім телефондарының нөмірлерімен танысуды ұсынды.
